Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен 10 күннен кейін қолданысқа енгізіледі.
Павлодарда қоғамдық көлік ақысы 200 теңгеге дейін қымбаттайды
941
оқылды

Павлодар қаласында қоғамдық көлікте жол жүру ақысын 200 теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр. Оған қатысты әкімдіктің қаулысы жарияланды, деп жазды Aikyn.kz.

«Ашық НҚА» порталына жарияланған құжатқа сәйкес, қолма-қол ақшасыз және қолма-қол төленген ақының айырмашылығы 2 есе өседі.

"Павлодар қаласының аумағында қалалық қозғалыстағы жолаушылар мен багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау бағыттарына келесі көлемде сараланған тариф – жолаушыларды тұрақты тасымалдау электронды төлем жүйесі арқылы, интернет желісі және байланыс құрылғыларын қоса алғанда, қолма-қол ақшасыз төлем үшін 100 теңге, ал жолақысын қолма-қол ақшамен төлеген жағдайда 200 теңге болып белгіленсін",  – делінген құжатта.

Қоғамдық талқылаудың мерзімі 2 қарашаға дейін белгіленіп отыр. Ал қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік 10 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.