Спорттық медицинаға маманданған дәрігер Ким жасөспірімдерде кенеттен жүрек тоқтауы әдетте жүрек бұлшықетінің тұқым қуалайтын құрылымдық немесе электрлік аномалиясынан туындайтынын түсіндірді.
Жастардың жүрегі кенеттен неге тоқтап қалады? Дәрігер жауабы
986
оқылды

Дәрігерлер жастардың жүрегінің кенет тоқтап қалуының себебін түсіндірді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Stan.kz ақпарат агенттігі Men's Health басылымына сілтеме жасап жазғандай, атақты кардиологтар Джонатан Ким мен Лили Баруш спортпен айналысу жастарда кенеттен жүрек тоқтап қалуға әкелуі мүмкін, бірақ бұл жаттығу барысындағы физикалық жүктемеге байланысты емес екенін айтады.

Спорттық медицинаға маманданған дәрігер Ким жасөспірімдерде кенеттен жүрек тоқтауы әдетте жүрек бұлшықетінің тұқым қуалайтын құрылымдық немесе электрлік аномалиясынан туындайтынын түсіндірді. Көбінесе жүректегі бұл ақаулар өмір бойы байқалмайды және арнайы тексерулер кезінде де көрінбейді.

"Сенесіз бе, сенбесеңіз, кенеттен жүрек тоқтауы патологияның ең алғашқы көрінісі болуы мүмкін", – дейді дәрігер.

Спорттық кардиология маманы Баруш жүректің жұмысы кенет тоқтаған кезде адам бірден есін жоғалтатынын, көбінесе бұл физикалық белсенділік кезінде болатынын айтты. Оның пікірінше, жүректің кенеттен тоқтап қалуын тудыратын тек спорт емес, сонымен бірге денедегі басқа процестер де әсер етуі мүмкін – дегидратация, электролиттік теңсіздік, кортизол немесе адреналиннің жоғарылауы.

"Физикалық жаттығутардың не себепті қауіпті екені туралы нақты жауап жоқ. Біз бұл барлық факторлардың жиынтығы деп ойлаймыз", – деді Баруш.

Кардиолог кенеттен жүрек тоқтауы кез келген жаста және кез келген өмір салтында болуы мүмкін екенін айтады, бірақ 40 жастан асқан ер адамдарда бұл жиі кездеседі. Қауіпті жағдайдың алдын алу үшін ол спортпен айналысу немесе басқа қарқынды физикалық белсенділік барысында бас айналу, кеудедегі ауырсыну немесе есін жоғалту белгілері байқалса, дәрігер кеңесіне жүгіну қажет.