ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.
Халықаралық іздеуде жүрген алаяқ Швециядан Қазақстанға экстрадицияланды
4,853
оқылды

ҚР Бас прокуратурасы «Алаяқтық» бабы бойынша күдікке ілінген қазақстандықты Швециядан елге экстрадициялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың тамыз айында Алматыда өздерін Ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметкерлеріміз деп таныстырған бір топ адам кәсіпкер ісіне тексеру жүргізіп, қылмыстық жауапқа тартамыз деген желеумен 30 мың АҚШ доллары көлеміндегі қаражатты жымқырмақ болған.

Олардың әрекеттерінің жолын кесу кезінде, біреуі қылмыстық қудалау органдарынан жасырынып үлгергендіктен оған халықаралық іздеу жарияланған.

Кейіннен Қазақстан тарапының өтініші бойынша оны Швеция Корольдігінің құқық қорғау органдары Стокгольм қаласында ұстады.

ҚР Бас прокуратурасы мен ІІМ Интерпол қызметкерлері, Сыртқы істер министрлігінің қолдауымен күдікті Қазақстанға жеткізілді.

Қазір ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.

«Аталған қылмысты жасағаны үшін осыған тектес қылмыс жасағандар мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасына кесілуі мүмкін», – делінген ҚР Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

 

Фотоколлаж: Tengrinews.kz