22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
Марат Бекетаев екі айға қамауға алынды
1,007
оқылды

Астана қалалық соты Марат Бекетаевты екі айға қамауға алу шарасын санкциялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«22 қазанда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Марат Бекетаевты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады», – делінген ақпаратта. 

Еске сала кетейік, бүгін Антикор Марат Бекетаевтың ұсталғанын растаған болатын. 

21 қазан күні бұрынғы Әділет министрінің лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталғаны хабарланған еді. 

Фото: opennews.kz