UFC неге Қазақстанды таңдады?
UFC неге Қазақстанды таңдады?
304
оқылды
Осы жазда UFC-дің әлем­­дегі ең мықты лигасы Қазақстанда алғашқы тур­ни­рін өткізеді. Алдын ала бол­жам бойынша Нұр-Сұл­­тандағы Астана Арена ста­дионын көздеп отыр. Неге америкалықтар біз­дің елді таңдағанын, UFC-дің ал­ғаш­­қы турнирін­де Қа­­зақ­стан намысын қор­ғай­­ты­нын сараптап кө­ре­йік. Бастапқыда UFC-дің ал­ғаш­қы турнирі 2021 жылдан ерте өтуі мүмкін емес деген бол­­жамдар айтылып жүрді. Өйт­кені Ресей нарығына жа­ңа­дан енген компанияның Бела­русь пен Украинаның бі­рін таңдауы бек мүмкін бола­тын. Ал қазір турнир жаз мез­гі­ліне жоспарланғаны бел­гі­лі бо­л­ды. Өтетін күні – 13 мау­сым.  

Неге Қазақстан?

Қытайда коронавирустың өршуіне байланысты UFC жа­ңа нарық іздей бастады. Осы орайда Қазақстан жек­пе-жек спорты бойынша өте тартымды мемлекет. Қазір­дің өзінде бұл ұйыммен елі­­міз­дің үш спортшысы келі­сім­ге келді. Турнирде тек Қа­зақ­стан өкілдері ғана емес, ТМД спорт­шы­лары да өнер көр­се­тетіні белгілі. Сонымен қатар Нұр-Сұл­тан­ның инфрақұрылымы жақсы дамығанын және жек­пе-жек өткізуге бірнеше аре­на ұсы­нуға дайын екенін ес­­кер­­гені сөзсіз. Америкалықтардың Қа­зақ­станды таңдауының бас­ты себебі – елдегі аралас жек­пе-жектің даму деңгейі. Қа­зір елімізде жергілікті тур­нир­­­лермен қатар ACA, M-1 және Fight Nights жекпе-жек кеш­те­рі де сәтті өтіп жүр. Қандай жарыс болмасын, залға кө­рер­­мендер лық толады. Кей­бі­реу­лер чемпион атағын жеңіп алып, Ресейде атой салып жүр. Мысалы, Жалғас Жұмағұлов. Жақында ол UFC титулына бұ­рынғы үміткер ресейлік Али Багаутиновты жеңіп, Fight Nights Global салмақта бел­бе­уін қорғап қалды. Жалғас қазір UFC жауынгері.  

Кімдер қатысуы мүмкін?

Шавкат Рахмонов (12:0). М-1 лигасының экс жауын­гері Мәскеудегі UFC тур­нирінде алғашқы жек­пе-же­гін өткізу керек еді, бірақ жа­рақат алып қалды. Енді де­бю­тін Лондондағы UFC Fight Night 171 турнирінде (21 нау­рызда) Поле Бартош Фа­бин­скиге қарсы өткізеді. Егер Шавкат бұл шайқаста ауыр жарақат алмаса, онда ол Нұр-Сұлтандағы турнирге мін­­детті түрде қатысады. Рах­мо­­новтың мансабындағы бір­де-бір жекпе-жегі төре­ші­нің шешіміне дейін жеткен жоқ: Шав­кат бес рет нокаутпен, жеті рет ауырту әдісімен жең­ген. Жалғас Жұмағұлов (13 же­ңіс – 3 жеңіліс). Fight Night Global-дың аса жеңіл сал­­мақ­та­ғы чемпионы. Қазақ­стан­ның ең танымал спортшысы. Оның мақсаты – UFC рейтин­гінің үздік бестігіне ену. Арман Оспанов (9 жеңіс – 3 жеңіліс). Ол Ресейдің АСА лигасымен келісімшартқа отырған, келесі жекпе-жегі 6 наурыз күні Алматыда ресейлік Расул Мирзаевқа қарсы өтеді. Соңғы төрт жекпе-жекте ол үш рет жеңіліске ұшырады. Бі­рақ әрқашан жарқын жекпе-жек көрсетеді. UFC осындай әмбебап жауынгермен келі­сім­ге келуі керек. Сергей Морозов (16 же­ңіс – 4 жеңіліс). Морозов UFC-ге әлі тіркелмеген. Ол M-1 чем­­пионы. Демек, ол аме­ри­ка­лық промоушенмен келі­сім­шарт алады. М-1 мен UFC ара­сында арнайы келісімге сәйкес, ресейлік лиганың чем­пион­дары бірден америка ли­га­сына ауысады. Дамир Исмагулов (19 же­ңіс – 1 жеңіліс). Бұл жауын­гер UFC-де үш жекпе-жек өт­кізіп, барлығында жеңіс­ке жеткен. Бұған дейін ол М-1 чем­пионы болған. Исма­гулов Ре­сейдің азаматы бол­ға­­­нымен, ұлты қазақ. Ол Қазақ­стан­ның намысын қорғағысы келе­ті­нін бірнеше рет айтқан. Нұр-Сұл­тандағы ММА жан­күйер­лері оның жекпе-жегін асы­ға күтеді. Мария Агапова ( 8 жеңіс – 1 жеңіліс) Ол Қазақстан атынан UFC-мен келісімге келген алғашқы қыз. Жақында ғана әлемнің үздік лигасының жауынгеріне айналған оның келесі жекпе-жегінің уақыты бел­гіленбеген. Нұр-Сұл­тан­дағы турнирде ол да өнер көр­се­туі мүмкін.   Барыс НҰРЛАН