Мемлекеттік марапатты халықтың алғысы деп түсінген жөн – Қасым-Жомарт Тоқаев

Тоқаев мемлекет еліміздің ғылым саласын дамытуға, ғалымдарымыздың жетістіктері мен еңбегін бағалауға айрықша мән беретінін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар мен сыйлықтар тапсыруға арналған салтанатты рәсімде мемлекеттік марапатты, ең алдымен, халықтың алғысы деп түсінген жөн екенін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тоқаев мемлекет еліміздің ғылым саласын дамытуға, ғалымдарымыздың жетістіктері мен еңбегін бағалауға айрықша мән беретініне тоқталды. Осы ретте биыл әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлық атом-энергетикасы саласында теңдессіз зерттеулер жүргізіп, әлемдік деңгейдегі озық әзірлемелер жасағаны үшін Қазақстанның Ұлттық ядролық орталығының ғалымдар ұжымына берілгенін айтты. 

Сондай-ақ Президент мемлекеттік марапатты, ең алдымен, халықтың алғысы деп түсіну қажет екенін еске салды.

Қауіп-қатерден қаймықпай, өзгенің өмірін құтқару – нағыз ерлік. Мұндай адамдар шынайы құрметке лайық. Бүгін осындай бірнеше азаматты марапаттаймын. Жалпы, еліміздің дамуына әр аймақтың тұрғындары, әр саланың мамандары зор үлес қосып жүр. Біз оларға әрдайым құрмет көрсетеміз. Мемлекеттік марапатты, ең алдымен, халықтың алғысы деп түсінген жөн. Шын мәнінде, туған елдің ықыласынан артық ештеңе жоқ. Ендеше, жұрттың ризашылығын алып, табысты еңбек ете беріңіздер! Қастерлі Отанымыз өркендей берсін! Республика күні құтты болсын!,  деді Президент.