Қорғаушы Төреғали Төреәлі көлік жүргізер кезде одан бұрын қорқор (кальян – еск.) шеккені анықталғанын айтады.
«Жалған сараптама жасаған»: адвокат Төреғали Төреәлінің есірткіге тәуелділігі жоқ екенін мәлімдеді
6,625
оқылды

Есірткіге масаң күйінде ұсталып, басы дауға қалған Төреғали Төреәлінің қорғаушысы Эльнура Кішкенебаева өнерпаздың есірткіге тәуелділігі жоқ екенін айтты,  деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы заңгер Дина Төлепбергенге берген сұхбатында әңгімеледі. Көлікті тізгіндеген күні әнші ешқандай есірткі, алкогольді ішімдік қолданбағанын жеткізді.

«Бізде үш сағаттай уақыт болды. Біз Төреғали Төреәлінің қайда екенін білмедік. Біз оны іздеп жүргенде біраз уақытымыз кетті. Ал ол кезде өздері жалған сараптама тағайындап қойғанын білдік. Бірақ біз қанға сараптаманы қайта тапсырып шықтық. Ол кезде қан құрамында ешқандай есірткілік заттар болмады»,  дейді адвокат Эльнура Кішкенебаева.

Сондай-ақ бағдарлама барысында қорғаушы Төреғали Төреәлі көлік жүргізер кезде одан бұрын қорқор (кальян – еск.) шеккені анықталғанын жеткізді.

«Көлік жүргізерден 1 күн бұрын Төреғалидің кальян шеккені белгілі болды. Бір емес бірнеше. Қандағы бөгде жағдай сол нәрседен шығуы мүмкін деген болжам бар. Бізде сараптамалар тағайындалды. Психология, наркологиялық сараптама тағайындалып, есірткіге тәуелдігі бар ма, жоқ па секілді сұрақтар талқыланды. Сараптаманы қайта тағайындап, біз Төреғали Төреәлінің есірткіге ешқандай тәуелділігі жоқ екенін анықтадық»,  дейді Эльнура Кішкенебаева.