Қазақстан Парламенті Сенатында Парламентаризм институтымен бірлесе отырып, «Парламент жұмысындағы цифрландыру» тақырыбында семинар болды. Оны Сенаттың жобалау кеңсесі ұйымдастырған болатын.
Сенаторлар «Парламенттік жұмыстағы цифрландыру» семинарына қатысты
933
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қазіргі қазақстандық қоғамдағы жасанды интеллект технологияларын қолданудың маңыздылығын атап өтті. Еліміз Президентінің бұл бастамасы Қазақстандағы заң шығару процесін жетілдіру жөніндегі өзекті міндеттерде тікелей көрініс тауып келеді.

«Тәуелсіздік жылдарында біз 3 мыңнан астам заңды, 10 мыңнан астам заңнан кейінгі актілерді қабылдадық. Бүгінгі күні бұл ауқымды саланы ретке келтіру керек. Олқылықтар мен қайшылықтар, ережелердің қайталануы біздің құқықтық кеңістіктің сапасына теріс әсер етеді және құқық қолданушылар үшін де, заң шығарушылардың өздері үшін де проблемалар туғызады. Сондықтан Сенаттың жобалық кеңсесі мен Парламентаризм институты Парламент жұмысына жасанды интеллекті енгізу мәселесімен айналысты. Мемлекеттік органдармен талқылаулар өтті. Әлемдегі ахуалға мониторинг жүргізілді»,  деп атап өтті ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Жақып Асанов.

Іс-шара барысында жасанды интеллект саласындағы жаңа технологияларды қолдануға маманданған және еуропалық парламенттерді цифрландырудағы жетекші ұйым болып саналатын Hellenic OCR Team компаниясының сарапшылары Фотис Фитсилис, Сотирис Левентис, Джордж Микрос сөз сөйледі. Бұл ұйым IPEN-мен (Парламенттердің өзара іс-қимылының халықаралық желісі) тығыз байланысты және Еуропаның барлық парламенттерімен өзара әрекет етеді. Ынтымақтастық аясында ашық парламенттік деректерді ілгерілету мен зерттеу, парламенттік және үкіметтік жүйелер үшін электронды  құралдар мен қызметтерді әзірлеу қамтылады.

 Семинарға Парламент депутаттары, екі палатаның аппарат қызметкерлері, Әділет, Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.