23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтаған.
Ақтау тұрғынынан ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіленді
1,455
оқылды

Маңғыстауда заңсыз айналымнан 1500-ден аса бір реттік доза болатын синтетикалық есірткі алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

5 қазанда сағат 20:45 шамасында «Қарасора – 2023» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы және Маңғыстау облысы Полиция департаменті есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері өткізетін жедел-іздестіру іс-шараларының кешені шеңберінде Ақтау қаласының 13-шағын ауданында 23 жастағы жігіт аса ірі мөлшерде есірткі заттарын өткізу мақсатында заңсыз сақтағаны үшін ұсталды.

«Тәркіленген мефедрон синтетикалық есірткі затының салмағы – 200 грамм. Сондай-ақ, ұсталған адам салмағы 170 грамм болатын экстази есірткі қоймасын көрсетті. Заңсыз айналымнан алынған синтетикалық есірткі құралдарының жалпы салмағы – 370 грамм», – делінген хабарламада.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі бойынша Ақтау қаласы ПБ СДТБТ-ға тіркелді. Соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жарияланбайды.