Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсіміне қатысты. Шара "Ақорда" резиденциясының алдында өтті.
Президент Мемлекеттік Ту көтеру рәсіміне қатысты
814
оқылды

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Содан кейін Президенттің бұйрығымен Мемлекеттік Ту көтеріліп, еліміздің Әнұраны орындалды.

Ұлттық мереке – Республика күнін ресми түрде атап өту осы салтанатты шарадан басталды. Еліміздің барлық өңірінде Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтеді.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтаған болатын. Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ұлттық мереке – Республика күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау хаттары келіп жатыр. 

фото: www.akorda.kz