Бүгін Медеу-Шымбұлақ жолында құлаған жартасты тасу жұмысы басталды.
Таудан тас құлап, Медеу-Шымбұлақ жолы жабылды
4,321
оқылды

Алматы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді.

«Сондай-ақ аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту жұмыстары жоспарланған. Оған шамамен 11 бірлік техника мен 50 адам тартылады», – деп хабарлады әкімдіктен.

Тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлері үшін өткізу режимінің кестесі қалыптастырылады. Қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығына жолданады. Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған.

фото: kaz.inform.kz