Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді.
Медеу-Шымбұлақ жолын таудан құлаған тастар жауып тастады
1,078
оқылды

Бүгін Медеу-Шымбұлақ жолында құлаған жартасты тасу жұмыстары басталды, – деп жазды Aikyn.kz.

Алматы қаласы әкімдігінің мәліметінше, жұмыс жүргізу кезінде автокөліктер мен жаяу жүргіншілердің қозғалысы шектелді.

– Сондай-ақ аумақтарды тас құлауынан және көшкіннен инженерлік қорғау, жартасты және жол беткейлерін нығайту жұмыстары жоспарланған. Оған шамамен 11 техника мен 50 адам тартылмақ, – деп хабарлады әкімдік.

Тау шаңғысы курорты мен кәсіпорындарының қызметкерлерін өткізу режимінің кестесі қалыптастырылады. Сондай-ақ қозғалыс туралы ақпарат әр ұйымның басшылығына жолданады.

Жобаны іске асыру екі кезеңге есептелген. Негізгі жұмыстар келесі жылға жоспарланған.