«Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған.
Астанада құрылысы он жылға созылған тұрғын үй пайдалануға берілді
1,903
оқылды

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram парақшасында құрылысы ұзаққа созылған нысандар туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz ақпараттық агенттігі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Біз 10 жылға жуық тарихы бар құрылысы ұзаққа созылған нысанды аяқтадық. «Алтын бұлақ» тұрғын үй кешенінің құрылысы сонау 2014 жылы басталған. Үйдің 5 блогы салынуы керек еді. Ал үлескерлер саны – 400-ге жуық отбасы. Тұрғын үй кешенін өткізген кезде құрылысының 20 пайызы ғана аяқталған. Осылайша, тұрғын үй кешенінде ауқымды жұмыс жүргізілді, себебі құрылысынан бөлек гараждарды сатып алу, инженерлік желілерді толықтай орнату, құжаттарды ретке келтіру және т.б. қажет болды. Республика күні пәтер кілтін 2, 3, 4 блок үлескерлері алды. 1 және 2 блоктарда жұмыс жүріп жатыр. Биыл құрылысы ұзаққа созылған 30-дан астам тұрғын үй кешенін аяқтауды жоспарлап отырмыз. Бұл – 4 мыңға жуық үлескер отбасы. Бұл үйлердің бір бөлігі салынып бітті. Осыған дейін 12 мыңға жуық үлескер отбасының мәселесі шешілген болатын. Бұл – 120 тұрғын үй кешені. Құрылысы ұзаққа созылған нысандардың аяқталуы Мемлекет басшысының бақылауында, – деп жазды Жеңіс Қасымбек.