Қар жауып, көктайғақ болады және төменнен жел тұрады.
«-10 градус аяз болады»: 26-28 қазанға ауа райы болжамы жарияланды
16,817
оқылды

«Қазгидромет» РМК 26-28 қазанға ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Синоптиктердің мәліметінше,  алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Қар жауып, көктайғақ болады және төменнен жел тұрады.

Қазақстанның солтүстігінде, орталығында және шығысында түнгі уақытта 5-10 градус аяз болып, күндіз ауа температурасы -2+3 градусқа көтеріледі. Батыс пен оңтүстікте күндіз 10-18 градус жылы болады. Шеткі батыс өңірлерде және республиканың оңтүстік-шығысындағы таулы аудандарда ауа температурасы 2-7 градусқа дейін төмендейді.

Фото: mail.kz