Газа секторының тұрғыны зымыран шабуылынан қаза тапқан қазақстандық әйел туралы айтты.
Газа секторындағы қазақстандық әйелдің өлімі: оқиғаның мән-жайы белгілі болды
1,409
оқылды

Газа секторының тұрғыны зымыран шабуылынан қаза тапқан қазақстандық әйел туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Газа секторында тұратын палестиналық журналист Тарек Альян 22 қазанда қайтыс болған қазақстандық әйелмен таныс болған. Әйелдің есімі Юлия, ол Қазақстанның тумасы. 90-жылдары ол жергілікті тұрғынға тұрмысқа шығып, Газа секторына көшіп барған. Оның ата-анасы Ресейде тұрады. Қазақстандық әйелдің төрт баласы, екі ұлы, екі қызы бар. Үлкен қызы тұрмысқа шығып, шетелде тұрады, ал кішісі жақын арада тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген.

«Екі күн бұрын олар тұратын Газа секторы орталығындағы Дейр-эль-Балах қаласына израильдік әуекүштерінің көптеген шабуылы жасалды. Зымырандардың бірі олардың үйіне түсті, онда Юлияның күйеуінің туыстары болған, барлығы әйелдер мен балалар. Біздің әдет-ғұрып бойынша ер адамдар мен әйелдер бөлек отырады, ол кезде үйде тек әйелдер болған. Юлия мен оның кіші қызы Линаны қосқанда барлығы 18 адам қаза тапты. Олардың денелері үйінді астынан шығарылды», - деді Тарек Алян.

Фото: facebook.com/TarekAlian