Мемлекет басшысы Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады.
Мемлекет басшысы Аустрияның Федералдық президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
782
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Александр Ван дер Белленді және Аустрия халқын Аустрия Республикасының ұлттық күнімен құттықтады,  деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеме жасап.

– Қазақстанның Еуропа кеңістігіндегі сенімді серіктесінің бірі саналатын Аустриямен дәстүрлі достық және өзара қолдау рухындағы көпжақты ынтымақтастығымыз алдағы уақытта нығая түсетініне кәміл сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент Александр Ван дер Белленнің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Аустрия халқына құт-береке тіледі.