Жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кеткен.
ШҚО-да жүк пойызы рельстен шығып кетті
785
оқылды

ШҚО-дағы «Бұқтырма-Заводинка» теміржолында жүй пойызының вагондары рельстен шығып кетті,-  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Оқыс оиға 26 қазан күні таңертең болған. «Бұқтырма-Заводинка» теміржолының учаскесінде келе жатқан жүк пойызының 12 вагоны рельстен шығып кетті. Бірақ аударылмаған.

«Абырой болғанда, зардап шеккен ешкім жоқ. Пойызда кен және көмір тиелген. Қазіргі уақытта әкімдік жағдайды бақылауға алып, шұғыл әрекет ету қызметтері дереу сол жерге жұмылдырылды», - делінген ШҚО әкімдігінін хабарламасында.

Шығыс Қазақстан облысының Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бүгінде кесте бойынша бұл бағытта жүретін жолаушылар пойыздары жоқ.