Өрттің шығу себебі әзірге белгісіз.
Аягөздегі 4 баланың өліміне қатысты тергеу басталды
918
оқылды

Бас прокуратура Аягөз қаласындағы төрт баланың өмірін жалмаған өртке қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді,  – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

 

Бұл ақпаратты Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев растады.

«Тергеу амалдары басталды. Өрттің не себепті болғаны бәрі анықталады. Тергеу жүргізіліп жатыр. Қазір сізге өрттің неден болғанын айта алмаймын»,  деп жауап берді ол Сенаттың жалпы отырысынан кейін.

Еске сала кетейік, 25 қазан күні  таңертең Абай облысы Аягөз қаласында жеке үйлердің бірінен өрт шығып, 4 баланың мәйіті табылған болатын. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келгеннен кейін 20 шаршы метр көлемінде бөлмелердің бірі өртенгенін анықтаған.