Бүгінде 2 қызметкер травматология бөлімінде жатыр.
Ұлытау облысында алты жұмысшы конвейермен бірге құлап кетті
717
оқылды

Ұлытау облысындағы «Жыланды» кенішінде жазатайым оқиға болды. Салдарынан алты адам зардап шекті,  – деп хабарлайды Aikyn.kz «Қазақмыс» компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 24 қазан күні «Қазақмыс» компаниясына қарасты «Жыланды» кенішінде болған.

Екінші ауысым басталғанда конвейерлік учаске бастығы 6 қызметкерден тұратын бригадаға «Стакер» жетек барабанын апаттық жөндеу жөнінде жазбаша нұсқау берген.

«Стакердің» таспалы конвейерінің роликтерін тексеру кезінде жұмысшылар Стакер алаңымен бірге кен үйіндісіне құлады. Бүкіл алты қызметкер Жезқазған қаласының медицина орталығына жеткізілді»,  делінген хабарламада.

Бүгінде  2 қызметкер травматология бөлімінде жатыр.

Науқастардың жағдайы бірқалыпты, ауырлық дәрежесі белгіленуде. Қалған төрт қызметкер тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық емделуге жіберіледі.

Оқиғаның себептері анықталып жатыр. 

Фото: Halyq Uni