Көпшілік оларды ұрсысып жүр немесе ренжіскен, тіпті ажырасқан деп топшылауда.
«Сүймегенге жалынба»: Тағы бір танымал жұп ажырасып кеткені рас па?
20,306
оқылды

Танымал тележүргізуші, шоумен Нұрсұлтан Есжан мен жары, айтыскер ақын Бибігүл Тілеуболдинованың арасы суыған. Бұл жөнінде олардың оқырмандары жарыса жазуда, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Caravan.kz медиа порталының мәліметінше, жұлдызды жұп желіде бірінен кейін бірі күмәнді жазба салып, елді алаңдатып қойды. Олардың бірі: «Сүйгенді сүй, сүймегенге жалынба» деген жазба жазса, екіншісі анасына жазба арнап, енді ешқашан қателік жібермейтінін, анасын қалай да бақытты ететінін айтқан.

Көпшілік оларды ұрсысып жүр немесе ренжіскен, тіпті ажырасқан деп топшылауда.

Олар: «Ұрсысып қалғаннан саусыздар ма?!», «Сіздерге не болды? Көз тиді ме? Кезек-кезек қызық видео салып жатырсыздар», «Ажырасып кеткен жоқсыздар ма өзі? Ортада бала болғанда, ондайға бармайтын шығарсыздар» деп жазды олар.