Жол апаты салдарынан бір адам көз жұмды, жарақат алғандар бар.
Ақтау-Жаңаөзен тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды
9,936
оқылды

26 қазан күні Ақтау-Жаңаөзен тасжолының 43-шақырымында жантүршігерлік көлік апаты болды. Жолда төрт көлік: КамАЗ, Volkswagen Sharan, Lada және «ГАЗ 330253» соқтығысты, – деп хабарлайды Aikyn.kz Lada.kz-ке сілтеме жасап.

– Lada көлігіндегі 49 жастағы жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Зардап шеккен төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлады Маңғыстау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.