Әншінің оқырмандарына жүктілігіне қатысты сұраққа да жауап берді.
Райм кредитімді жауып берді: Ерке Есмахан отбасындағы біраз құпияның бетін ашты
2,633
оқылды

Еліміздегі шоу-бизнестің жарық жұлдызы, желіде ең көп оқырманы бар Ерке Есмахан ресми түрде декреттік демалысқа шыққанын айтты. Instagram парақшасында сұрақ-жауап ұйымдастырып, оқырман көкейіндегі біраз сауалға жауап берді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Stan.kz-тің жазуынша, осыдан екі ай бұрын жұлдызды жұп Райм мен Ерке Есмахан “Бұл махаббат” әнін көрерменге тарту етіп, ән арқылы сәбилі болатынын сүйіншіліген еді. Сахнадан да сирек көрініп жүрген әнші қазір немен айналысып жатқанын айтты.  

“Ән, түсірілім, той, концерт дегенді ұмыттым. Босанып алғасын жоспар көп. Бірақ нақты айта алмаймын. Баламен үйде отыруым да мүмкін”, – дейді әншінің өзі. 

Жұлдызды жұп бас қосқалы Еркенің келін боп түскен жері Орал өңіріне баруы сирек екенін байқаған оқырманы, не үшін өз үйінде жүргенін де сұрады. 

“Бұл үйде тұра береміз. Кезінде кредитке алып, қанша жыл төледім. Пандемия кезінде төлей алмай, қиналғаным рас. Қайта Раймға күйеуге шығып, жағдайым жақсарды. Үйдің ипотекасын жауып, қолыма құжатын ұстатқанда қатты қуандым”, – деп ағынан жарылды. 

Әншінің оқырмандарына жүктілігіне қатысты сұраққа да жауап берді. 

“Қазір біздің отбасында бөпені бесікке бөлеу туралы талас болып жатыр. Маған смарт бесік ұнайды. Оған қолмен тербелетін бесік ұнайды. Бірақ баламыз бесікке жататыны анық. Перзентхана сөмкесін дайындамадым, өйткені ақылы бөлімде барлығы дайын екен. Дәл қазір үкіметтің балаға берілетін жәрдемақысына құжат дайындап жатырмын. Әр баланың несібесі бар”, – дейді көпбалалы ана болуды армандайтын әнші.