ТЖД мамандары 5 адам көмірқышқыл газымен уланды деген болжам жасады.
Шымкентте 5 адам көз жұмды: Газдан улануға қатысты жаңа деректер шықты
461
оқылды

Шымкент қаласында бір отбасының 5 адамы газдан уланып көз жұмуына қатысты жаңа деректер шықты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Белгілі болғандай, бүгін сағат 12:10 шамасында Шымкент қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің дағдарыс жағдайлар басқармасына Орда көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйде табиғи газдан уланы белгілерімен 5 адамның мәйіті табылғаны жөнінде хабарлама түскен.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткенде үйдің дәлізінде орналасқан газ қондырғысының жанғыш бөліктерінен жану белгілері анықталған. Сонымен қатар үйде табиғи газдың иісі шыққан. Мұржаның және жылыту қазандығының беткі қақпақ жабындысы болмаған. Газ құбыры автоматикаға жалғанбай, тікелей қосылғандығы байқалған.

"Биылғы шілде айында да аталған үй газ жабдықтарын дұрыс пайдаланбағаны үшін анықталған кемшіліктерге байланысты табиғи газдан ажыртылған болатын. Бүгінгі таңда сот медициналық экспертизасы тағайындалды. Нәтижесі шыққан соң хабарлайтын боламыз», - деді «Қазтрансгаз аймақ» АҚ өкілі Елдар Қуандыков.