Ел арасында танымал ақын-жазушылардың, журналистердің қаламнан қол босағанда шар түйіс­тіріп, бильярд ойнағандағы оқиғалары, қызықты мезеттері жиі айтылады.
Тастаяқтан өткен тартысты турнир
1,557
оқылды

Әсіресе, жазушылар Шерхан Мұртазаның, Әкім  Таразидің, Ақселеу Сейдімбектің, журналист Нұртілеу Иманғалиұлының қиыннан қиыстырып салған шарлары ел аузында аңызға айналды. Соңғы уақыттары осындай мықты ойынымен танылған қаламгерлердің атындағы бильярд турнирлері де жиі ұйымдастырылып жүр.  Осы бір дәстүрді бұзбай, ел мерекесі Республика күніне орай Elorda Aqparat медиасеріктес­тігі күні кеше журналистер мен қаламгерлер арасында бильярд турнирін ұйымдастырды. 

Жарыс биыл елордамызда екінші мәр­те өткізіліп отыр. Турнирге жа­зу­­шы, қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Қой­шығара Салғараұлы бастаған елімізге бел­гілі ақын-жазушылар, Парламент де­­пу­таттары, жур­налистер, медиа­ме­­нед­жер­лер, баспасөз өкілдері­нен құралған 32 ойын­шы қатыс­ты.

Тартысты өткен бәсекеде I, II, III орын­дардан бөлек биыл еліміз бойын­ша мерейтойлары аталып өтіп жат­­қан қазақтың қабырғалы қа­лам­герлері Кемел Тоқаев, Сей­дах­мет Бер­діқ­ұлов, Орал­­хан Бөкей атын­дағы арнаулы сый­­лық­тар табыс­тал­д­ы. 

Күні бойы өткен тастаяқ жары­сында ойын ережесіне сәйкес, үздік шеберлік та­­­нытқан төмендегі ойыншылар мара­пат­талды. 

I орын иегері деп белгілі айтыс ақы­ны Еркебұлан Қайназаров та­нылып, оған 300 мың тең­ге­нің сер­ти­фи­каты табыс­тал­са, II орын­ды ақ­тық сынға дейін шебер ойын көрсеткен бел­­гілі жур­на­лист, жазу­шы Тал­­­ғат Ешенұлы қан­­­­­­жығасына бай­­ла­ды. Жүлде­гер­ге 200 мың теңгенің сертификаты та­бысталды. Ұйым­­дас­тыру­шы­лардың шешіміне сәйкес жүлде қорынан екі III орын та­ғайын­далған. Бұл орындарды жазу­шы, журналист Сәдібек Түгел мен бел­гі­лі спорт журналисі Несіп Жүнісбайұлы ие­ленді. 

«Жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан бұл турнир қаламгерлердің басын қо­сатын жақсы ортаға айналды. Мұнда тек би­льярд ойнап, өзара бақ сынасып қана қоймай, қауқылдасып, жақсы әңгіме-дүкен құрып жатады. Бұл ретте осындай игі іс-шараны дәстүрлі өткізіп жатқан Elorda Aqparat медиасеріктестігінің ұжы­мы­на, басы-қасында жүріп, ұйымдастырып жүрген медиасеріктестік директоры Олжас Сы­дықбекке алғысымды білдіремін. Мұн­дағы барлық ойыншы шетінен «сен тұр мен атайындар». Барлығы бильярдта бел­гілі бір дәрежеге жеткен кәнігі ойыншылар. Ме­нің қарсыластарым да оңай болмады. Бар­лық кездесуімде алғашқы партияларда ұты­лып тұ­рып, со­сын жеңіс­ке же­тіп отыр­дым. Би­льярд өте бір пси­хо­ло­гиялық дайын­дық­ты, бел­­­гі­лі бір стра­те­гия­ны талап ете­­­тін, нәзік ойын. Жеңім­­­­паз бол­­ғаныма қуаныштымын. Осын­дай бас­тамалар өз жалғасын таба берсе деген тілегім бар», – дейді жеңім­паз Еркебұлан Қайназаров.

Аталған жарыс барысында жүл­делі орын­­дардан бөлек биыл еліміз бойын­ша мерейтойы аталып өтіп жатқан қалам­гер­лер Кемел Тоқаев, Сейдахмет Бер­діқ­ұлов, Орал­хан Бөкей атындағы жүлде кө­лемі 100 мың теңгелік арнаулы сыйлықтар табыс­талды. 

Кемел Тоқаев атындағы арнаулы жүлде қа­зақ әдебиетінің ақсақалы, жазу­шы Қой­шығара Салғараұлына, Сей­дахмет Бердіқұлов атындағы жүлде қазақ спорт журналистикасының ардагері Несіп Жүнісбайұлына және Оралхан Бөкей атын­­дағы арнаулы сыйлық белгілі қалам­гер, Парламент Сенатының депутаты Нұр­­төре Жүсіпке берілді. 

Турнир ұйымдастырушылары атал­ған арнаулы жүлделерден бө­лек, қосымша үздік ойын көрсеткен қаты­су­шылар үшін төрт номинация тікті. 

Қазылардың шешімімен «Алыстан ат терлетіп келген ойыншы» аталымын Ал­маты қаласынан арнайы келіп, тур­­нирге қатысқан қазақ жур­на­лис­тикасының ардагері, Қай­нар Олжай, «Мә­де­ниет­ті ойын­шы» номина­ция­сын бел­гі­лі жазушы Шар­хан Қа­зы­ғұл, «Ал­ғаш­қы шар» но­ми­нация­сын күйші Се­кен Тұ­рыс­бек ие­лен­ді. Со­­­­­ны­мен қа­­тар «Мер­ген ойын­шы» деп ар­да­гер жур­на­лист Кен­же Жұ­ма­ғұл, «Ше­бер ойын­шы» ре­тінде журна­лист Әлімжан Са­быр­жанұлы лайық деп танылды. «Үздік дуплет» аталы­мымен жур­налист Жандос Дүй­се­кеев мара­пат­талды. Марапат ие­леріне бағалы сый­лықтар мен ақ­шалай жүлде табысталды.  

Айта кетейік, тартысты өткен тур­нирге биыл екінші жыл қатарынан би­льярд­тан екі дүркін әлем чемпионы Ернар Чимбаев бас төрешілік етті. 

Марапаттау рәсімінің соңында қоры­тын­ды сөз алған Elorda Aqparat ме­диа­се­рік­тестігінің директоры Олжас Сыдықбек жарысқа қатысқан барша ойыншыға алғыс білдірді. 

Турнирдің мақсаты – Республика күні мерекесін ұлықтау, елордадағы қаламгерлер мен журналистер арасында зиялы орта мен сұхбат алаңын қалып­тас­тыру, бұқаралық спортты насихаттау. Өт­кен жылдан бастау алған турнир алдағы жыл­­дарда да дәстүрлі түрде жалғасатын бо­лады. Бүгінгі ойынның қызықты да тар­тымды өтуіне үлес қосқандарыңыз үшін бар­шаңызға алғыс айтамын, – деді О.Сы­дықбек. 

Наурызбек САРША