Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде.
Электр энергиясының жетіспеушілігі іздеу жұмыстарына кедергі келтіріп жатыр – ТЖМ
872
оқылды

Костенко шахтасында авариялық-құтқару жұмыстары үздіксіз жүргізілуде. Тау-кен құтқару бөлімшелері барлық қажетті  шараларды ауысыммен жасап жатыр. Жұмыстар тәулік бойы екі өндіру учаскесінде жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Aikyn.kz ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Тау-кен құтқарушыларының күштері кеншілерді іздеуге шоғырландырылған. Іздеу жұмыстары электр энергиясының жетіспеушілігінен, тау-кен жұмыстарының көптігінен, жеке су басқан қазбаларға қолжетімділіктің болмауынан, көптеген бұзылған механизмдер мен құрылыстардың болуынан қиындық туғызуда. Сондай-ақ қаза тапқандардың денелерін жер бетіне шығару жұмыстары жүргізілуде.  Авария орнында ашық жану ошақтары жоқ»,  деп хабарлады ТЖМ.

Жедел желі телефондары үздіксіз жұмыс істеуде, барлығы 400-ге жуық қоңырау келіп түсті. 20 психолог шұғыл психологиялық көмек көрсетуде.