Еңбек министрлігі шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай төлемдер жасалатынын мәлімдеді.
Еңбек министрлігі шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай төлемдер төленетінін айтты
892
оқылды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова шахтадағы апаттан қаза тапқан кеншілердің отбасына қандай төлемдер төленетінін айтты, деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Қаза тапқан кеншілердің отбасыларына асыраушысынан айырылғаны үшін төлемдер төленеді. Білінші төлем – базалық жәрдемақы. Екінші төлем – әлеуметтік сақтандыру қорынан, үшінші төлем – өмір сақтандыру қорынан төленеді. Төлемдердің орташа мөлшері 400 мыңнан 500 мыңға дейін болады. Және де ол төлемдер асырауындағы балалары 18 жасқа толғанға дейін, егер балалары ЖОО студенті болса, 23 жасқа дейін төленеді»,  деді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова.

Сонымен бірге министр «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қандай көмек көрсетуге міндетті екенін атап өтті.

«Ал «АрселорМиттал Теміртаудың» ұжымдық шартына келсек, компания міндетті түрде қаза тапқан кеншінің отбасына 10 жылдық еңбекақысын төлейді. Екіншіден, балалар оқу орнында оқып жүрсе, олардың оқу ақысын да компания төлейді. Сондай-ақ отбасына жеке пәтер сатып алып береді. Балалардың жазғы демалысы, санаторийге баруын компания ұжымдық шартқа сәйкес өздері қамтамасыз етуі керек. Айта кету керек, инвестор ауысса да, компания Қазақстан меншігіне өтсе де ұжымдық шартта қарастырылған барлық әлеуметтік көмек қаза тапқан кеншілердің отбасыларына толық көлемде беріледі»,  деді министр.