Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні – 15-20 м/с.
Тұман, жел, қар: синоптиктер 30 қазанда елдің басым бөлігінде ауа райы бұзылатынын ескертті
5,154
оқылды

Синоптиктер 30 қазанда республиканың 13 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында екпіні  15-20 м/с. 

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел батыстан, солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні  15-20 м/с. 

Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, орталығында күші  15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ күтіледі. Облыстың оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде күші 15-20, екпіні  23 м/с.

Түркістан облысының таулы аудандарында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші  15-20 м/с.

Павлодар облысында көктайғақ, түнде облыстың оңтүстігінде, күндіз орталығында тұман күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жауын (жаңбыр, қар). Облыстың солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде күші 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Астанада түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз екпіні 15-20 м/с.

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз 30 қазанда екпіні 23-28 м/с күтіледі.