Көпшілікке "Рауза" телесериалы арқылы танылған актер Айдар Асқарбек әйелі Жарқынай Ханайыммен ажырасуына Баян Мақсатқызының ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.
Баян Мақсатқызының түк қатысы жоқ: Айдар Асқарбек жарымен ажырасу себебін айтты
18,768
оқылды

Бұл туралы актер "Taboo" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді, - деп жазды Aikyn.kz.

Айдардың сөзінше, шаңырағының шайқалуына өзі түскен сериалдағы сүйісетін сахналар себеп болмаған, Баян Мақсатқызының да түк қатысы жоқ.

"Біздің себептер оның алдында біраз уақыт бұрын пайда болған. Оның алдында келіспеушіліктер болып жүрді. Тағы бір айтып өтетін маңызды жайт бар. Осыған дейін берілген сұхбаттар мен дұрыс емес ақпараттарға байланысты Баян Мақсатқызын жамандап жатады. "Келініне теріс көзқараспен қарады, келініне қолдау көрсетпеді" деген пікірлер де бар. Ол - теріс пікір", - деді актер.

Себебі, "Раузаның" екінші маусымының алдында Айдар Асқарбекке Баян Мақсатқызы ресми түрде келіп "Сенде сүйіс сахналары болады, жарыңа ескерт" деген.

"Сол кезде мен ол кісіге Жарқынай екеуміздің арамыздың суығанын, бірге тұрмайтынымызды айттым. Екіншіден, актриса ретінде Жарқынай сценарийді оқып, бәрін білу керек болатын. Сондықтан бұл мәселеге Баян Мақсатқызының еш қатысы жоқ екенін айтқым келеді", - дейді актер.