Тағы бір адам жансақтау бөлімінде жатыр.
Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол жиегінде тұрған көлікті қағып, бір адам мерт болды
643
оқылды

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жеңіл машинаны соғып, бір адам қайтыс болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Оқиға 30 қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктерінің қатысуымен болды.

54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігін соқты.

Соққы кезінде неміс шетелдік көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқан. 

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды.

Сондай-ақ 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.

Қажетті сараптама тағайындалып, ҚР ҚК 345-бабының 3-бөлімімен тергеу амалдары басталды. Тергеуді Облыстық полиция департаменті бақылауға алды.

Фото: Halyq Uni