Спортшы 2022 жылы допинг қолданды деп айыпталған еді.
Допинг үшін айыпталған Қазақстанның әлем чемпионы толығымен ақталды
3,060
оқылды

Допинг қабылдады деп айыпталған Қазақстанның жеңіл атлетикадан алғашқы әлем чемпионы Нору Джеруто толығымен ақталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Сіздерге тамаша жаңалықты бөліскіміз келеді. 2023 жылдың сәуірінде допинг қолданды деп айып тағылып, барлық жарыстардан шеттетілген клубымыздың спортшысы Тануи Нора Джерутодан барлық күдік алынды», – делінген Аltay athletics клубының әлеуметтік желідегі парақшасында.

Нора Джеруто – жеңіл атлетикадан 3000 метрге кедергі арқылы жүгіруден Қазақстанның алғашқы әлем чемпионы. Ол жеке нәтиже бойынша 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлемдегі үздік үштіктің қатарында.

Ол 2018 жылы Қазақстан азаматтығын алып, 2022 жылы әлем чемпионатында жеңіске жетті.

Ал 2022 жылдың сәуірінде желаяққа допинг қолданды деген айып тағылған еді.