Алайда, келісім екі жаққа да тиімді болу керек.
Ресей Қорғаныс министрі Украинамен келіссөзге дайын екендерін мәлімдеді
756
оқылды

РФ Қорғаныс министрі Сергей Шойгу Украинамен келіссөзге дайын екендерін мәлімдеді. Бұл туралы ол Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан X Сяншань форумында айтты, деп хабарлады Aikyn.kz rbc.ru сайтына сілтеме жасап.

"Ресей билігі Украина дағдарысынан кейінгі жағдайды реттеп, Батыс елдерімен ынтымақтастықты қайта нығайтуға дайын. Жалпы, біз саяси пікірталасқа әзірміз", – деді ол.

Оның сөзіне қарағанда, келіссөздер екі жаққа да тиімді болу керек. Екі жақ проблеманы шешу үшін бәріне шынайы қарауға тиіс.

Сонымен бірге ол әлемдегі ядролық қару бар мемлекеттер бір-біріне құрметпен қарап, дүниежүзінде көпполярлы әлем құру үшін халықаралық қауіпсіздік мәселесін қайта қарау керектігін айтты.