Әнші декреттік демалыстан кейін ресми түрде үлкен сахналарға енді шығып жатқанын атап өткен.
Сөзін ұмытып қалдым: Мөлдір Әуелбекова сахнадағы ыңғайсыз жағдайды түсіндірді
3,134
оқылды

Эстрада әнші Мөлдір Әуелбекова сахнада ән айтып тұрған кезде неліктен ыңғайсыз жағдайға тап болғанын түсіндірді, деп хабарлайды Aikyn.kz.

Бұл туралы өнер иесі instagram парақшасына видео жүктеп, жариялады. 

"Ән қайда? Мен қайда? Сөзін ұмытып қалдым. Әнімді халқым өзі айтып шықты. Күшті концерт болды", - деп жазды ол.

Әнші декреттік демалыстан кейін ресми түрде үлкен сахналарға енді шығып жатқанын атап өткен.

"Әндерімнің сөзін ұмытып қалыппын. Бір еркелігімді халқым 20 жылда бір көтеретін шығар. Ән айтқанда естімегендіктен, шамамен болжап айтамын. Себебі құлағымды екі қабат орамал жауып тұрады", – дейді Мөлдір Әуелбекова.