Осыдан бес жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жыл­ғы 29 қыркүйектегі «Түркістанды түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде дамыту жөніндегі бас жос­пардың тұжырымдамасын мақұл­дау туралы» №762 Жарлығына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы қайта құ­ры­лымдаудан өтіп, нәтижесінде Шым­кент қаласы Республикалық маңызы бар қалаға айналса, өңірдегі аудан-қалалар жаңадан құрылған Түркістан облысы құрамына енді.
Тарихы терең төрт қақпалы Түркістан
1,519
оқылды

Ал түркі жұрты қастерлеген Түркістан қаласы облыс орталығы ретінде қалыптасты. Міне, содан бері төрт қақпалы Түркістанның рухани және экономикалық даму қарқыны айтарлықтай деңгейде жүріп жатыр. Атап айтқанда, қаланы дамыту үшін ауқымды кешенді жоспарлар жүзеге асырылып келеді.

Түркістан – ұлы дала өркениетінің мызғымас темірқазығы. 

Түркістанға ерекше мән беру керектігін және Түркістан – мемлекетіміздің алтын бесігі екенін айтқан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев:

– Түркістан – бәріміздің мақтанышымыз, екі дүние есігі, ер түріктің бесігі атанған бүкіл әлемге танымал қасиетті жер. Осы киелі шаһар­дың төл тарихымызда айрықша орны бар. Түркістан төріндегі Қожа Ахмет Ясауи кесенесі – руханиятымыздың мызғымас дің­гегі. Сондықтан Түркістанға, жалпы осы облысқа ерекше мән беруіміз керек, – деген еді Президентіміз.

Мемлекет басшысы айтқандай, қазақтың рухани астанасы атанған Түркістанның мән-маңызы бұдан әлдеқайда жоғары. Киелі ша­һар еліміздің тарихында айрықша рөл атқар­­ған. Көне заманнан бері Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі қала болған. Бауырлас халық­тардың бәріне ілім-білім таратқан руханият ошағы саналған. Сондай-ақ қазақтың та­рихында өшпес із қалдырған көптеген тұлға­ларымыз осы жерден мәңгілік мекенін тапқан.

«Қазақтың бірлігі мен тұтастығының орда­сы болған киелі Түркістан болашақта да осы мәртебелі миссиясын атқара береді. Сондықтан осы аймақты басқарып отырған басшыларға зор жауапкершілік жүктеледі. Қанша дәуір өтсе де, ұрпақтар сабақтастығы үзілмейді», – деп атап өткен болатын Пре­зидент.

Мемлекет басшысының пәрменімен «Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы» заң жобасының қабылданып жат­­қаны және Түркістан қаласының рухани және тарихи астана ретінде дамуына жағдай жасау үшін көптеген жобалар қолға алынғаны жұртты қуантып отыр. 

Бұдан бөлек, жақында Түркістан қала­сында Түркі елдерінің туризм министр­лері мен өкілдерінің басқосуы өтті. Ол жерде, шаһарымыз – 2024 жылға түркі әлемінің туристік астанасы ретінде жарияланды. Міне, осылардың бәрі қасиетті шаһар тірші­лігінің жандана түсуіне серпін беруде.

Осы бағытта Үкіметтен бастап жергілікті атқарушы билік тарапынан жұмыстар қызу жүріп жатыр.

Түркістан облысының әкімі Дархан Аман­гелдіұлы Мемлекет басшысының жүктеген тапсырмаларына сәйкес, тиісті жұмыстарды жүргізіп отыр. Қалаға бөлінген қаржының тиісінше игерілуі облыс басшылығының бақы­лауында. 

Жақында жұртшылық алдында сөз сөй­леген өңір басшысы: 

«Қаламыз соңғы 5 жылда өзінің дамуы­ның жаңа дәуіріне қадам басты, ауқымды жұмыстар атқарылды. Әрине, тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасау – жер­гілікті биліктің басты міндеті. Облыс орта­­лығы – Түркістан қаласын рухани астана ретінде дамыту бағытында қабылданған шаралар өңір экономикасының дамуына тың серпін берді», – дегенді алға тартқан болатын. 

Айтса айтқандай, адам танымастай өзгеріп жатқан Түркістанда көптеген маңыз­ды нысандар бой көтерді. Түркістанның рухани және әлеуметтік-экономикалық да­муында оң өсім қалыптасты.

Түркістанның жалпы аумағы соңғы үш жылда 19,6 мың гектардан 22,4 мың гектарға ұлғайып, халық саны 165,4 мың адамнан 225 мыңға адамға жетті. 

Қазір түрленген Түркістанды көру үшін шетелден және еліміздің аймақтарынан келетін туристердің саны өсуде.

Осы тұрғыда күні кеше журналистерге брифинг өткізген Түркістан қаласының әкі­мі Нұрбол Тұрашбековті сөзге тартып, қала бойынша бүгінгі таңда атқарылып жатқан жұмыстары жайлы айтып беруін сұрадық. 

Нұрбол Әбдісаттарұлының берген мәлі­­меттерінің бірқатарына тоқталар болсақ, ашық әкімдік жобасы бойынша, қазір қала әкімдігі жанында «Халықтық кеңсе» мен «1310» Бірыңғай байланыс орталығы тұрғын­дардың өтініштерімен жұмыс істеуде. Соны­мен қатар қала аумағында 6 сектор құрылып, тұрғындармен тығыз қарым-қатынаста өзек­ті мәселелерді шешуге өз үлестерін қосуда.

Жалпы, өңірлік өнім көлемі 2023 жылдың қаңтар-қыркүйек айына 222,7 млрд теңгеге жетіп, 2022 жылдың тиісті кезеңімен салыс­тырғанда өсім 15%-ға өсті. 

Өңірдің экономикалық дамуын анық­тайтын басты сала – өнеркәсіп саласында 2022 жылы 21,1 млрд теңгеге өнім өндіріліп өткен жылдың тиісті кезеңмен салыс­тыр­ғанда 0,7% өсті. 

Биыл қаңтар-қыркүйек айлары аралы­ғында 18,8 млрд теңгенiң өнімі өндіріліп, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстыр­ғанда өсім 4,3%-ды құраса, өнеркәсіптің ба­сымды саласы өндеу өнеркәсібінде 12,0 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, өсім 4,5%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд теңгенi құрап, өсім 25,6%-­ға, сумен жабдықтау 1,2 млрд теңгенi құрап, 7,6%%-­ға артты. 

2023 жылға инвестиция көлемі 348,9 млрд теңгеге (бюджет есебінен 102,0 млрд теңге, жеке инвестиция 246,9 млрд теңге) жоспар­ланса, 9 айдың қорытындысымен 245,8 млрд теңгеге орындалды (бюджет есебінен 91,2 млрд теңге, жеке инвестиция 154,6 млрд теңге).

Биыл Түркістан қаласында 6 мыңға жуық пәтер берілетінін айтқан Нұрбол Тұраш­беков:

– Биыл жалпы 5 966 пәтерді пайдалануға беру жоспарланған. Ал 9 айда 294 мың шар­шы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. 2023 жы­лы бюджет есебінен 66 үйдің құры­лысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін 59 үйді ха­лық игілігіне беру жоспарланып отыр. Сон­дай-ақ жеке инвестициялар есебінен 46 үй­дің құрылысы басталған. Одан бөлек, жаңадан салынатын 800 пәтерлі 20 тұрғын үй халық игілігіне 1 шаршы метрі 220 мың тең­­геден несиеге берілетін болады. Сонымен қатар кезектегі азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 187 пәтерді са­тып алуға 1,8 млрд теңге қарастырылып, қа­зір мемлекеттік сатып алу конкурсы жү­руде, – деді Нұрбол Әбдісаттарұлы.

Бұдан бөлек, 2023 жылдың 9 айында Түркістан қаласында 3 679 азамат тұрақты бос жұмыс орындарымен қамтылған. Сон­дай-ақ 535 жас түлек –«Жастар практи­­касымен», 102 жас – алғашқы жұмыс ор­ны­мен, 175 азамат – «Күміс жас» жобасы ая­­сында жұмыспен қамтылған. Ал 1 242 тұр­ғын ақылы қоғамдық жұмыс орындарына жолданды. Сонымен қатар 150 тұрғынның бастапқы бизнес жоспарларына қайтарым­сыз грант қаражаты берілді.

Ал биыл 348,9 млрд теңге көлемінде ин­вестиция тарту жоспарланса, 9 айдың қо­рытындысымен 245,8 млрд теңгеге жетті. 

Қала әкімінің мәліметінше, шаһарда 2023 жыл­дың 9 айында жалпы өңірлік өнім көлемі 222,7 млрд теңгеге жетіп, өткен жыл­ғы­­­мен салыстырғанда 15 пайызға артып отыр. Сондай-ақ осы жылы өнеркәсіп сала­сында қаңтар-қыркүйек айында 18,8 млрд теңгенiң өнімі өндіріліп, өсім 4,3 пайызды құраған. Ал өнеркәсіптің басымды саласы өн­­деу өнеркәсібінде 12 млрд теңгенің өнімі өндірілсе, электрмен жабдықтау, газ, бу беру көлемi 5,5 млрд теңгеге жеткен.

Бұдан бөлек, шаһар басшысы облыс орталығына келетін туристердің артқанын да айтты. 2023 жылдың 9 айдың қорытын­дысымен Түркістан қаласына келуші зия­­ратшылар мен туристердің саны 678,5 мың адамға жеткен. Сонымен қатар биыл қаңтар-қыркүйек айларында Түркістанға 6,7 мың шетелдік турист келіп, көрсеткіш 24,1%-ға өскен.

Түркістан қаласында қазір 38 032 абонент, яғни қала тұрғындарының 98%-ы табиғи газды пайдалануда. 

Шаһар басшысының мәлімдеуінше, бүгінде Түркістан қаласындағы 845 ша­қырым жолдың 50%-ға жуығы толық асфальтталған. 

– Биыл тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында әлеуметтік ны­сандарға баратын және соларға қосалқы жат­қан жалпы 42 шақырымдық 43 көшеге аяқ­жол төселді. Қазір қала аумағында 224 аял­­­­­­­­дама қолданыста бар. Биыл қосымша 120 аял­даманы орнату қолға алынып, 50-інің жұмысы толық аяқталды. Бұдан бөлек, Түркістан қаласында 22 қоғамдық көлік бағыты бар. Оларға 2 тасымалдаушы мекеме 220 автобус, шағын автобустармен қызмет көрсетеді. Түркістан қаласы облыс орталығы статусын алғалы қалаға 119 жаңа автобус алын­ған. Жыл соңына дейін қосымша 28 автобус алынып, жақсы жағдайдағы автобустардың үлесі 78%-ға жеткізу көзделіп отыр. Сонымен қатар биыл 700-ге жуық көшеге жарықтандыру жүйелері орнаты­­латын болады, – деді қала әкімі. 

Айта кетерлігі, Түркістан қаласындағы 42 240 абоненттің 98,9%-ы ауызсумен қам-та­­­масыз етілген. Ал электр қуатымен қамту деңгейі жыл соңына дейін 84,9%-дан 98,5% -ға жеткізу жоспарланған.

Бүгінде көркіне сай келбеті қалыптасып жатқан қалада түрлі бағытта республикалық, халықаралық деңгейде іс-шаралар көптеп өтіп жүр. 

Мәселен, қала аумағында 2023 жылы ауқымды 73 мәдени іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде, «Түрленген, гүлденген Түр­кі­стан» атты ақындар айтысы, Түркістан облы­сының құрылғанына 5 жыл толуына байланысты салтанатты кон­церттік бағдар­­­лама, қала күнінен орай, «Түркістан – бақ мекенім» мерекелік концерті және тағы басқа да көптеген шаралар өтті. 

Сонымен қатар қалада 2022 жылы 500 орындық мәдениет үйінің құрылысы басталған.

Тельман БЕЙСЕН