Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында соңғы жылдары шағын және ірі бизнес тұрақты дами бастағанын атап өтті.
Шағын және орта бизнес өкілдерінің төрттен бірі кредитке қол жеткізе алмайды – зерттеу
958
оқылды

Президенттің айтуынша, орта кәсіпкерліктің даму қарқыны әлі де бәсең. Жаңа экономикалық үлгіге көшу үшін оны «қолмен көтеруге» тура келеді.

Сондықтан ең алдымен, орта бизнестің дамуын тежеп тұрған кедергілерді жою қажет. Орта кәсіпкерліктің басым бөлігі әбден дамыған кезде бөлшектеніп кетеді. Өйткені оларға шағын бизнес деңгейінде қалған әлдеқайда «қолайлы». Үкімет шағын бизнесті өзара бірігіп, ірі кәсіп иелері болуға ынталандыру үшін заңға өзгерістер енгізуі керек.

Freedom Finance Global кәсіпкерлердің кредит алу мүмкіндігін зерттеп көрді. ІІІ тоқсанда банктен несие алу әрекеті туралы сұраққа компаниялардың 9%-ы өтініш беріп, мақұлданғанын айтып жауап берсе, ал 5,4%-ына бас тартқан. Респонденттердің 17,5%-ы бұрыннан қолданыстағы несиелері бар деп жауап берді. 16,6%-ы жоғары мөлшерлемеге байланысты өтініш бермесе, ал 4,9%-ы оларға несие бәрібір мақұлданбайды деп шешкен. Нәтижесінде, компаниялардың 26,9%-ы бизнес үшін несие алу мүмкіндігіне қалай болғанымен қызығушылық танытады, бірақ әртүрлі себептермен олар оны ешқашан алмайды. Кәсіпорындардың 40%-ы қазір несие оларға қажет емес деп санайды.

Салалардың ішінде ең көп мақұлдау ауыл шаруашылығы мен саудада байқалады. Мұнда респонденттердің 13%-ының несиелері мақұлданған. Дегенмен сауда жағдайында, ең алдымен, шағын бизнестің айналым қаражатын толықтыру үшін қарапайым тұтыну несиесін алудың кең таралған тәжірибесін ескере отырып, несиелерді жеке кәсіпкерлер рәсімдейді. Ауыл шаруашылығы жағдайында бұл саланы – шағын шаруашылықтарды да, ірі агрофирмаларды да қолдау үшін жеңілдікті несиелеу тәсілдерінің болуын атап өтуге болады, бұл жоғары мақұлдау үлесінен көрініс табады. 

 

"Сондай-ақ бас тартулардың ең көп саны (компаниялардың 9%-ы) ауыл шаруашылығында байқалады. Жалпы, бұл сала бұл мәселеде ең белсендісі: ауыл шаруашылығы компанияларының 26%-ы ғана несие алу мүмкіндігіне қызығушылық танытпайды",  –  дейді сарапшы Данияр Оразбаев.

Қызмет көрсету және сауда салаларындағы бизнесті жоғары тарифтер көбірек алаңдатады, сәйкесінше компаниялардың 21 және 19%-ы мұны көрсетеді. Бір қызығы, бизнестің көлемі ақшаның құнына қатысты алаңдаушылыққа көп әсер ете қоймаған. Қаржы теориясы компания неғұрлым үлкен болса, несие ақшасы соғұрлым арзан болады деп айтады. Айналымы 1,036 млрд теңгеден асатын ірі фирмалар несиеге өтініш бермеген. Айта кетейік, сауалнамада мұндайлар саны 19 ғана болған.

Фото: lifeinsurance.kz