Бұл туралы Премьер-Министр Үкімет отырысында айтты.
«Бұл – кәсіпорын басшылығының кінәсі»: Әлихан Смайылов шахтадағы апат жайлы
792
оқылды

Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов елдегі шахталарда еңбек қауіпсіздігі сақталмайтынын, бұл мәселеге ең алдымен кәсіпорын басшылығы жауапты екенін айтты,  деп хабарлайды Aikyn.kz.

«Мемлекет басшысы Костенко шахтасында кеншілердің қаза болуына байланысты тергеу жұмысын жүргізіп, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясымен инвестициялық ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. Осындай апат биыл тамыз айында да болған. Ол кезде 5 шахтер қаза тапты. Көп адамның өліміне әкеп соққан апат өндірістегі қауіпсіздік талаптарының сақталмауына тікелей байланысты. Бұл – бірінші кезекте кәсіпорын басшылығының кінәсі»,  деді Үкімет басшысы.