Видеода марқұм кенші Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Қызым, саған айтамын» термесін орындаған.
«Қызым, саған айтамын»: желіде шахтада қаза тапқан кеншінің соңғы видеосы жарияланды
1,731
оқылды

Әлеуметтік желіде Қарағанды облысындағы Костенко атындағы шахтада қаза болған кенші Ақынжан Орақбаевтың соңғы бейнежазбасы тарады. Видеоны журналист Айсұлтан Жақыпов Facebook желісіндегі парақшасында жариялады, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

Видеода марқұм кенші Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы «Қызым, саған айтамын» термесін орындаған.

«Марқұм Ақынжан Орақбаевтың соңғы жүктеген видеосы. Соңында қызы қалды. Келіншегінің аяғы ауыр екен... Марқұмның жаны жәннатта шалқысын», – деп жазады журналист.

Еске салайық, 28 қазанға қараған түні «АрселорМиттал Теміртау» кенішінде жарылыс болып, 46 кенші қаза болды.

Қайғылы оқиғаға байланысты Мемлекет басшысы Қарағанды облысына барып, қаза тапқан кеншілердің отбасымен кездесіп, көңіл айтты. Олар Президентке жанайқайын жеткізді.

Президент Үкіметке «АрселорМиттал Теміртаумен» инвестициялық ынтымақтастықты тоқтату туралы тапсырма берді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 29 қазанды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Коллаж: Qaz365.kz