Олар ыстан уланып, көз жұмған.
Қостанай облысында жеке үйден әйел мен оның екі баласы өлі табылды
1,489
оқылды

Қостанай облысында екі бала мен олардың анасы ыстан уланып, көз жұмды,  –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Аlau.kz жазуынша, қайғылы оқиға 30 қазанда Лесное ауылында болған.

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, жеке тұрғын үйде қатты отынмен пешті жылыту кезінде 1975 жылы туған үй иесі көмірқышқыл газынан уланып, аудандық ауруханаға жатқызылған.

«1984 жылы туған әйел мен 2013 және 2008 жылдары туған балалар оқиға орнында көз жұмған. Оқиға орнына Қостанай облыстық ТЖД қызметкерлері барды. Адамдар өлімі мен жарақатының алдын ала себебі: пештің сылақ жүргізілмеген сызаттары мен сыртындағы шойын тақтайшаның жарылуы салдарынан көміртегі тотығынан улану», – деп хабарлады ТЖД.

Фото: Polisia.kz