Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бейжіңде жүр.
Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қытайдағы Сяншань форумына қатысып жатыр
800
оқылды

Қазақстан Қорғаныс министрлігінің делегациясы Бейжіңде жүр. Пекинде өтетін Х Сяншань форумында әлемдегі қауіпсіздікті сақтау саласындағы мәселелер талқыланбақ. Биыл оны Қытайдың халықаралық стратегиялық зерттеулер институты (CIISS) ұйымдастырып отыр.

Сяншань форумына қорғаныс ведомстволарының, халықаралық ұйымдардың басшылары, белгілі ғалымдар, экс-саясаткерлер және жетекші сарапшылар шақырылған.

Халықаралық форум аясында Қазақстан Қорғаныс министрі, генерал-полковник Руслан Жақсылықов ҚКП Орталық әскери кеңесі төрағасының орынбасары, генерал-полковник Хэ Вэйдунмен кездесті. Оған сондай-ақ Қазақстанның Қытайдағы Төтенше және өкілетті елшісі Шахрат Нұрышев та қатысты. Тараптар Қазақстан мен Қытайдың қорғаныс саласындағы екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жағдайы мен келешегін талқылады.

Сонымен бірге Бейжіңде Қазақстанның Қорғаныс министрі қару-жарақ пен әскери техника өндірісіне маманданған қорғаныс-өнеркәсіп кешені кәсіпорындарының жұмысымен, олардың өнімдерімен танысуды жоспарлап отыр. Олардың қатарында СATIC ұлттық аэро-технологиялық корпорациясы мен қытайлық NORINCO cолтүстік өнеркәсіптік корпорациясы бар.