Заңғар Нұртас парақшасында суреттерімен бөлісіп, мұсылмандық парызын орындағанын атап өткен.
Мәһірге не сұрады? Қайрат Нұртастың інісі екінші рет үйленді
1,162
оқылды

Айдарбековтер отбасының кенже ұлы Заңғар Нұртас екінші рет шаңырақ көтеріп, сүйінші жаңалығымен әлеуметтік желіде бөлісті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

"Алла некелеріңді қайырлы қылсын, екі дүниеде жұптарың жазылмасын, иманды, салихалы ұрпақтарың көп болсын, саған қызымыз аманат" деп, Рабиға мама батасын берді", – деген әншінің інісі. 

Сондай-ақ ол жарының мәһір сұрау барысынан да үзінді жариялаған. 

"Парыз амал орындалып, неке қиылды. Мәһір мәселесі – уәжіп амал. Әйел адамзаты тұрмысқа шыққанда өз тағдырын тапсырады. Соған жауап ретінде сый берілуі керек. Ғалымдардың айтуынша, бұл екі ешкінің құнынан жоғары болуы керек", – дейді имам.

Заңғар Нұртас "Мәһірге не сұрады деп ойлайсыздар?" деп жауабын жұмбақ күйінде қалдырып, елді қызықтырып қойыпты. 

Көпшілік некенің баянды болуын тілеп, құттықтауларын жаудырып жатыр.