Түркістанда аялдаманы көлігімен қиратқан жүргізуші көпшіліктен кешірім сұрап, шығынды толығымен өзі өтейтінін айтты.
– «Мемлекетке келтірген шығынды толығымен өтеп беремін. Мұндай істі енді қайталамаймын, өз ісіме өкінемін», – деді ол.
Естеріңізде болса, оқиға 30 қазан күні болған. Жүргізуші Тыныштығұлов көшесінде тұрған аялдаманы көлігімен соғып кеткен болатын. Сөйтіп, мемлекетке шығын келтірген еді. Әлеуметтік желі арқылы көпшіліктен кешірім сұраған ол өз ісіне өкінетінін айтты.
фото: inbusiness.kz