Атырау тұрғыны 15-қабаттан секірмек болған

Атыраулық полицейлер 15-қабаттан секірмек болған тұрғынды құтқарып қалды.

Polisia.kz сайтының хабарлауынша, оқиға 31 қазан күні сағат 14:21 шамасында болған. "102" арнасына Алмагүл ықшамауданындағы көпқабатты үйдің тұрғындары 15-қабаттың балконынан әйел адамның қауіпті жағдайда отырғаны жөнінде хабарлаған.

"Жедел басқару орталығының қызметкерлері анықтау барысында балконда әйел адамның қолына әйнек ұстап алып, секіруге оқталмақ болған. Бірден патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама берілді. Хабарлама бойынша барған патрульдік полиция батальонының қызметкерлері Аян Сансызбаев және Ильяс Қобдабаев 28 жастағы әйелмен профилактикалық сұхбат жүргізіп, шұғыл құтқару әрекетін жасаған", – делінген хабарламада.

28 жастағы тұрғын өміріндегі қиындыққа байланысты суицид жасамақ болған екен. 

фото: www.unicef.org