Әнші Тоқтар Серіков Өскемен мен Павлодар қалаларында өтетін кешін желтоқсан айына ауыстырды. Ол бұл жайында өз парақшасында жазды.
Тоқтар Серіков денсаулығына байланысты екі қаладағы концертін кейінге қалдырды
3,416
оқылды

Әнші денсаулығына байланысты Павлодардағы концертті 1 желтоқсанға, ал Өскеменде өтетін кешті қарашаның 30-на ауыстырды. 

– Ассалаумағалейкум, ағайын! Құрметті, Павлодар мен Өскемен өңірінің жұртшылығы, 31 қазан және 1 қараша күндері өтетін концертімді аяқасты денсаулығымның жарамай қалуына байланысты басқа уақытқа ауыстыруға мәжбүр болып отырмыз. Сіздерден кешірім сұраймыз, – деп жазды парақшасында.

Фото: el.kz