Мәртебелі мейманды елорда әуежайында ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қарсы алды.
Франция президенті Эмманюэль Макрон ресми сапармен Қазақстанға келді
561
оқылды

Қысқаша әңгіме барысында Үкімет басшысы Эмманюэль Макронның бұл сапары Астана мен Париж арасындағы стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға жаңа серпін беретініне сенім білдірді.

Естеріңізге сала кетейік, екі елдің көшбасшылары Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмманюэль Макрон сауда-экономикалық, инвестициялық және энергетикалық ынтымақтастықты нығайту бойынша келіссөздер жүргізіп, халықаралық және аймақтық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылайды.

Биыл бірінші жартыжылдықта Франция Қазақстан экономикасына 458,4 млн инвестиция құйды. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе көп көрсеткіш. Қазақстан Францияның экономикасына 100 мың доллар қаржы салды.

фото: zakon.kz