Еріктілер кітап жинағының орташа бағасы 1,1 млн теңге, ал кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғының бағасы 360,9 мың теңгені құрайтынын анықтады.
Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы 14 миллион теңгеге бір кітап жинағын сатып алуды жоспарлаған
1,349
оқылды

Алматы облысы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің еріктілері мемлекеттік сатып алу порталының мониторингі барысында бағаны 18,5 млн теңгеге көтеру фактілерін анықтады.

«Іле ауданы әкімінің аудандық кітапханасы» КММ 14 млн теңгеге бір кітап жинағын және 6 млн теңгеге кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғыны сатып алуды жоспарлады.

Алайда еріктілер кітап жинағының орташа бағасы 1,1 млн теңгені, ал кітап оқуға арналған компьютерлік құрылғының бағасы 360,9 мың теңгені құрайтынын анықтады.

Бұл ретте аудандық кітапхана бағаны 18,5 млн теңгеге көтерді. Осыған байланысты еріктілер Іле ауданының мәдениет бөліміне бағаларды қайта қарау жөніндегі ұсыныс жіберді.

Нәтижесінде кітапханаға сатып алудан бас тартылды, 20 млн теңге сомасында бөлінген қаражат бюджетке қайтарылды.