Температура көрсеткіштері түнде 3-10 жылыдан 5 аяз -3 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыдан 0-8 жылыға дейін төмендейді.
"Қар, жаңбыр, көктайғақ": Қарашаның алғашқы күндеріне ауа райы болжамы жарияланды
8,027
оқылды

«Қазгидромет» РМК қарашаның алғашқы күндеріне ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлады  Aikyn.kz. 

Барикалық алқаптардың тез өзгеруі республиканың солтүстік жартысында ауа-райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде болады, көктайғақ, жел күшейеді деп күтілуде.

Температура көрсеткіштері түнде 3-10 жылыдан 5 аяз -3 жылыға дейін, күндіз 10-18 жылыдан 0-8 жылыға дейін төмендейді.

Республиканың оңтүстік жартысында кең ауқымды антициклонның әсерінен ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 3 аяз -5 жылы, күндіз 10-17 жылыдан 15-20 жылыға дейін аздап жоғарылайды. Республика бойынша түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжануда.