Қарағанды шахтасында қаза тапқан кеншілердің бірі Ақынжан Орақбаевтың әлеуметтік желіге жүктеген соңғы видеосы тарады.
Білгендей қызына өсиет қалдырыпты: желіде қаза болған кеншінің соңғы видеосы тарады
1,160
оқылды

Видеода марқұм Мейрамбек Беспаевтың орындауындағы "Қызым, саған айтамын" термесін орындаған, деп хабаралайды Aikyn.kz.

Caravan.kz медиа порталының мәліметінше, Ақынжан Оракбаевтың  артында бір қызы мен аяғы ауыр әйелі қалған. Желі қолданушылары марқұм дәм-тұзы таусыларын сезгендей қызына өсиет қалдырғанын жазып, кеншінің отбасына көңіл айтуда. 

"Тылсымға толы ғаламат! Арнайылап қызына айтып кеткендей екен! Алла панасына алсын!", "Қызына айтқан соңғы өсиеті екенін қайдын білсін сол кезде, қу тіршілік, бір кем дүние", "Білгендей өсиет айтқан екен. Аллам сабыр берсін отбасына", "Жемқор билік ай, обалың соларға болсын", "Жаның жәннәтта шалқысын бауырым", - деп жазды олар. 

@kyn.kz_

Марқұм Ақынжан Орақбаев желідегі парақшасына соңғы рет қызына өсиет айтқандай дәл осы видеоны жүктеген екен. Марқұмның соңында бір қызы мен жүкті келіншегі қалды.

♬ оригинальный звук - KYN.KZ