Оқиға 1 қараша күні болған.
БҚО-да 2 автокөлік соқтығысып, бір адам көз жұмды
1,542
оқылды

Батыс Қазақстан облысында екі автокөлік соқтығысып, жүргізуші қаза тапты, - деп хабарлайды Aikyn.kz. 

БҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қараша күні Орал-Атырау тасжолында Ақжайық ауданының маңында болған.

"Сағат 09.30-да Чапаев ауылынан 15 шақырым жерде Мойылды елді мекені тұсында 33 жастағы жүргізуші айдап келе жатқан Volvo жүк көлігі "ВАЗ-2114" автокөлігімен түйісті. Салдарынан жеңіл көлікті тізгіндеген 22 жастағы жүргізуші құтқарушылар келгенге дейін мерт болды. Жүк көлігінің жүргізушісіне алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - деп хабарлады ведомстводан.