Дүниежүзілік бокс қауымдас­тығы (WBA) барлық салмақ дәре­жесі бойынша рейтингтің жаңар­тылған нұсқасын жариялады.
Боксшылар рейтингі жаңарды
5,857
оқылды

Аса ауыр салмақта Иван Дычко бір саты төмендеп, 11-орынға сырғыды. Рейтингтің басына Деонтей Уайлдер жайғасса, екінші қатарда Конго ДР өкі­лі Мартин Баколе, үшінші орында ұлы­британиялық Энтони Джошуа тұр. Бұл салмақтағы әлемнің «супер чем­пио­ны» – украиналық боксшы Алек­сандр Усик.

Екінші орта салмақта Бек Нұрма­ғанбет бір саты жоғарылап, 10-нан 9-орын­ға көтерілді. Үздік үштікті фран­циялық Кристиан Мбилли, канадалық Эрик Базинян мен ирландиялық Пат­рик Макрори түйіндеп тұр. Осы сал­мақ­тағы әлемнің абсолютті чемпионы – мексикалық Сауль «Канело» Альва­рес.

Бірінші жартылай орта дивизионда Батыр Жүкембаев 14-орнын сақтап қалды. Бұл салмақ бойынша WBA-ның әлем чемпионы атағы әзірге бос. Үздік үш үміткер ретінде ұлыбританиялық Охара Дэвис, АҚШ боксшысы кіші Кен­нет Симс пен венесуэлалық Исма­эль Барросо ұсынылды. 

Екінші жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын Сұлтан Заурбек бір орынға төмен сырғып, 6-орынды місе тұтты. Көш басындағы америкалық боксшы кіші Ламонт Роуч ешкімге жол берер емес. Одан кейінгі орындарға гру­зиялық Отар Эраносян мен ирлан­диялық Джоно Кэрролл орналасқан. 

Екінші жеңіл салмақта Евгений Павлов үздік төрттікті түйіндеп тұр. Өзбекстандық Муроджон Ахмадалиев бірінші, мексикалық Кевин Гонсалес екінші, украиналық Олег Довгун үшінші орынды өзара бөліскен. Бұл салмақта WBA категориясы бойынша әлем чемпионы – филиппиндік Мар­лон Тапалес. 

Ж.ЕДІЛ