Еріктілер жоғалған адамдар жайлы ақпарат болса, көрсетілген нөмірлерге хабарласуды сұрайды.
Павлодарда жоғалып кеткен екі азамат іздестіріліп жатыр
1,013
оқылды

Павлодар қаласында жоғалып кеткен екі ер адам іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Aikyn.kz Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 

Vita іздестіру тобының мәліметінше, жоғалғандардың бірі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қала тұрғыны Назарбаев көшесіндегі үйдің бірінде тұрған. Бойы шамамен 170 сантиметр, тақырбас, сақалы бар, алдыңғы тістері жоқ және ішінде отадан кейін қалған тыртық бар. Үйінен қара күртеше, қара джоггер, қара кепка, қара-көк аяқкиіммен шығып кеткен. 

«Екінші жоғалған адам 14 қазаннан бері жақындарына хабарласпаған. Бойы шамамен – 165 сантиметр. Көздері қоңыр, қара және бұйра шашты, мұрты бар болуы мүмкін», – дейді еріктілер әлеуметтік желіде. 

Еріктілер жоғалған адамдар жайлы ақпарат болса, +7 (747) 615 55 63 немесе +7(777) 334 82 01 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.