Қайғылы оқиға Май ауданының Бейімбет Майлин атындағы ауылында болды.
Қостанай облысында жеке үйден ерлі-зайыпты өлі табылды
1,271
оқылды

Қостанай облысында ерлі-зайыптылар газдан уланып қайтыс болды, –  деп хабарлайды Aikyn.kz.

 

Alau.kz хабарлауынша, қайғылы оқиға Май ауданының Бейімбет Майлин атындағы ауылында болды.

«Қайғылы жағдай табиғи газдан уланудан болған. Жеке үйден ер мен әйел өлі табылды. Оған сұйылтылған газ пешінің ашық қалуы себеп болған», – деді Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қайрат Қасым.

Естеріңізге сала кетейік, 27 қазанда Шымкентте бір отбасы газдан уланып қайтыс болды. Ынтымақ ықшамауданында бір отбасының 5 мүшесі: 39 жастағы отағасы мен әйелі, үш баласы улы газдан қайтыс болды. Балалардың екеуі 15, 16 жастағы қыз және 11 жастағы ұл.

Сондай-ақ 30 қазанда Қостанай облысының Лесное ауылында бір отбасының үш адамы ыстан уланып, көз жұмған болатын. 1975 жылы туған үй иесі ауруханаға жеткізілді. Қайғылы жағдайға пештегі сыланбаған сызаттар мен шойын тақтадағы жарықтардан улы иіс тарауы себеп болған.

Фото: Polisia.kz